Елімізде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
526 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мамандандырылған мектеп жұмыс істейді, онда 400 мыңға жуық бала спортпен айналысады.
Осы жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша, елімізде 26,5 мың спорт ғимараты жұмыс істейді. 2026 жылы 34 спорт нысаны іске қосылған, оның ішінде 21-і ауылдық жерлерде бой көтерген. Жыл соңына дейін тағы 87 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 11 Әлем чемпионатына және 26 Азия чемпионатына қатысып, 99 алтын, 33 күміс және 20 қола медаль иеленді.
2026 жылы Қазақстанда семсерлесу, стендтік ату және бочча бойынша Әлем кубоктары, сондай-ақ дзюдодан Grand Slam және IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA турнирлері өтті.


