Сайтымызға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары

 «Sayasatlive.kz» ақпараттық-сараптамалық порталының меншік иесі – ЖК «Sayasat Ideyatuly».

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлаймыз.

Сайлауалды үгіт 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт материалдары Sayasatlive.kz сайтында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ғана орналастырылады.

Сайттың интернет-алаңы саяси партияның жазбаша өтініші және сайт меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде беріледі.

Үгіт материалының көлемі, саны, жарияланатын күні, орналастыру мерзімі және басқа да талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, тараптар арасында жасалатын шартта бекітіледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері төмендегідей белгіленеді.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң берудің жалпы шарттары мен тәртібі

Жазбаша өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылы, Төре Даулетияров көшесі, №2–4 үй.

Жарияланатын материалда оның сайлауалды үгіт материалы екені, тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.

Материалдарды орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгіленеді.

 Үгіт материалдарын беру тәртібі

Үгіт материалы сайт редакциясына жарияланатын күннен кемінде бір күнтізбелік күн бұрын берілуге тиіс.

Материал мәтін, фотосурет, бейне, сызба немесе өзге де сандық пішінде қабылданады. Материалдың мазмұнына, дұрыстығына және авторлық құқық талаптарының сақталуына тапсырыс беруші жауапты болады.

Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық немесе рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдар жарияланбайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, жалған ақпарат қамтитын, адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды орналастырудан сайт меншік иесі бас тартуға құқылы.

Редакция материалдың мазмұнын өзгертпей, емле, тыныс белгісі және техникалық қателерін түзетуге құқылы. Мазмұндық өзгерістер тапсырыс берушімен келісіледі.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе уәкілетті мемлекеттік органдар талаптарының өзгеруіне байланысты түзетілуі мүмкін.

Сайт алаңдарын ұсынудың төлем мөлшері:

Ұқсас ақпараттар