2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина құрамасы Англия командасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алайда матчтан кейінгі жағдай үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ойын аяқталған соң аргентиналық футболшылар алаңда «Мальвин (Фолкленд) аралдары – Аргентинаға тиесілі» деген жазуы бар баннер ұстап, жеңісті атап өтті. Бұл әрекет спорттағы саясатқа қатысты шектеулерге байланысты халықаралық деңгейде сынға ұшырады.
FIFA ережелеріне сәйкес, футболда саяси ұрандар мен символиканы көрсетуге тыйым салынған. Осы әрекеті үшін Аргентина футбол федерациясына айыппұл салынуы немесе басқа да тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
Даудың тарихи себебіне тоқталсақ, Фолкленд (Аргентинада — Мальвин аралдары деп аталады) — Ұлыбритания бақылауындағы аумақ. Бірақ Аргентина оны әлі күнге дейін өз территориясы деп есептейді. Бұл дау 1982 жылғы Фолкленд соғысы кезінде шарықтау шегіне жеткен.


