Футболдан әлем чемпионатының финалдық ойынына кіретін билет бағасы жарияланды. FIFA дерегінше, матч 19 шілде күні MetLife Stadium стадионында (АҚШ, Нью-Джерси штаты, Ист-Ратерфорд) өтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ресми сатылымда шамамен 1200-ге жуық екінші санаттағы билет ұсынылған. Олардың бағасы 7380 АҚШ доллары. Бұл орындар стадионның жоғарғы қабатында, алаңның бүйір сызығы бойында орналасқан.
Сонымен бірінші санаттағы 68 билет төменгі қабаттан ұсынылған, бағасы 19 995 – 32 970 доллар аралығында. VIP-аймақтардағы (Trophy Lounge) билеттер 32 500 және 34 500 доллар тұрады. Ресми қайта сату платформасында билеттердің бастапқы бағасы 7440 доллардан басталады. Ал ең қымбат ұсыныс 11 499 998 долларға дейін жеткен.
Екінші нарықта финал билеттері 7440 доллардан 11,5 млн долларға дейін болған.
Бұған дейін FIFA болашақта әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарлаған.


