ҰҚК Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 әрекетін анықтаған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Нәтижесінде жалпы құны 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша анықталған. Ең ірі деректердің бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде тіркелген. Жүк тексеру кезінде шетел азаматынан 350 мың АҚШ доллары (170 млн теңгеден астам) табылған.
«Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

