Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды    

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада бірнеше автокөлік зақымданған екі жол апаты болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі).

Сотта анықталғандай, азамат Е. алкогольдік масаң кезінде автокөлік басқарып, Астана қаласы көшесіндегі қозғалыс кезінде 3 жол-көлік оқиғасын (ЖКО) жасаған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғанжүргізуші жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соғылған, басқа автокөлікпен соқтығысып, инерциямен тағы бір автокөлікті қағып кеткен, кейін Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққы салдарынан ол Toyota Hilux автокөлігін қағып кеткен.

Ұқсас ақпараттар