Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі маусым айындағы жемқорлық қылмыстары бойынша қорытынды жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ведомство мәліметінше, маусым айында 125 жемқорлық дерегі тіркелген. Оның ішінде:

97 парақорлық,

9 алаяқтық,

8 қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану,

7 жымқыру,

3 қызметтік жалғандық жасау,

1 билікті асыра пайдалану фактісі анықталған.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылған. ҰҚК мәліметінше, 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.

Аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 4,7 млрд теңгені құраған. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне өндіріліп, 971,4 млн теңге тұратын мүлікке тыйым салынды.

Сондай-ақ, 2026 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында ҰҚК қызметкерлері 317 жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеген. Осы кезеңде 226 азамат қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылған.