Алматы өмір сүру құны бойынша Қазақстандағы ең қымбат қала деп танылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Зерттеуге әлемнің 547 қаласы, соның ішінде Алматы мен Астана да енген. Рейтинг азық-түлік, кафе мен мейрамханадағы тамақтану, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жасалған.
Қазақстан қалаларының ішінде Алматы ең жоғары орынға көтеріліп, 409-орынға жайғасты. Оңтүстік мегаполис рейтингте Куала-Лумпур мен Тбилиси қалаларының арасында орналасқан. Ал Астана 469-орынға тұрақтады.


