Қазақстанда екі тәулікте 61 заңсыз жанармай тасу талпынысы тіркелді

Қазақстан шекарасы маңындағы өткізу бекеттерінде кейінгі екі күнде “қосымша бактар мен канистрлерде 3 тоннадан астам жанар-жағармай материалдарын әкетудің 61 әрекеті тоқтатылды”.  Бұл жөнінде 4 шілдеде үкімет отырысында Қазақстан қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оның сөзінше, шекара маңындағы тасжолдарда автоцистерналар мен бензин тасығыштар тексеріліп жатыр.

“Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету көлемінің қалыптан тыс өсуі тіркелген 62 жанармай құю стансасы мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізуде. Аталған субъектілерге қатысты тиісті тексеру іс-шаралары жүргізілетін болады” деп жазылған үкіметтің хабарламасында.

Біржанов нақты қай елдің шекарасында жанармай тасымақ болған көлік ұсталғанын айтпады. Бұған дейін Ресейде отын тапшылығы туындағанә шақта ресейліктердің “арзан бензин алу үшін Қазақстанға ағылғаны” жайлы ақпарат болған. Қазақстанда бензин мен дизельді тасуға тыйым салынған.

Ұқсас ақпараттар