Камералдық бақылау: хабарламаны елемеудің салдары қандай?

Салық төлеушілерге анықталған сәйкессіздіктерді тексерусіз әрі айыппұлсыз өз бетінше түзетуге мүмкіндік беретін тиімді тетік ол – камералдық бақылау, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бүгінде бұл құрал салықтық бақылауда жазалау тәсілінен алдын алу қағидатына көшуге жол ашып отыр. Салықтық әкімшілендіру департаментінің директоры Бектас Әділғалиевтің айтуынша, оның негізгі мақсаты – салықтық тәртіпті нығайтып, тексерулердің санын азайту және салық төлеушілердің өз міндеттемелерін ерікті түрде орындауына жағдай жасау.

Камералдық бақылау дегеніміз не? Бұл – салық төлеушіге бармай-ақ жүргізілетін бақылау түрі. Ол салық есептілігін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау барысында электрондық шот-фактуралардың мәліметтері, онлайн бақылау-касса машиналарының деректері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ақпараттар және өзге де қолжетімді дереккөздер пайдаланылады.

Ұқсас ақпараттар