ІІМ: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғаны айтылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

2 мыңнан астам лауазымды тұлға қылмысты тоқтату үшін қажетті қадамдарды дер кезінде қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомство заңға қайшы әрекеттердің полиция назарынан тыс қалмауы үшін іс-шаралар жоспарын бекіткен. Атап айтқанда, қауіпті саналатын аймақтарда 2 мың бейнекамера орнатылды. 56 ғимаратта күзет қызметінің жұмысы күшейтілді. 15 дәмхана мен түнгі клубтың жұмыс уақыты қысқартылды. Сонымен қатар білікті мамандар даярлау мәселесі де күн тәртібінде. Министрлік 40-қа жуық жоғары оқу орнымен меморандум жасасқан.

Ұқсас ақпараттар