Мбаппенің дублі Францияны сенімді жеңіске жеткізді. Килиан Мбаппе бастаған Франция құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.Франция сапынан екі голды Мбаппе соқса, тағы бір голды Брэдли Барколяның еншісінде.
Екі нәтижелі пас берген Майкл Олисе турнирдегі ассисттер саны бойынша (5) көш бастап тұр.
Рекордтар мен тарихи көрсеткіштерге келер болсақ, бұл матч Мбаппе үшін ерекше болды.Ол турнирдегі гол саны бойынша Лионель Месси көрсеткішіне жетті — екеуінде де 6 гол. Әлем чемпионаттары тарихындағы жеке голдары саны 18-ге жетті.
Плей-офф кезеңінде соққан 9 голымен жаңа рекорд орнатты.
Мбаппе қазіргі заманның ең нәтижелі ойыншыларының бірі ретінде өз мәртебесін тағы бір дәлелдеді. Франция ұлттық құрамасы соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді, 2018 жылы әлем чемпионы атанды.


