Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ел тарихында тұңғыш рет амнистия бір мезгілде әрі қылмыстық, әрі әкімшілік сипатта жүзеге асырылады.
Қылмыстық амнистия 16,5 мыңнан астам азаматты қамтиды, оның ішінде 15 мың сотталушы мен 1,5 мың тергеу астындағы тұлға бар. Осы заң аясында 4 мыңнан астам азамат қылмыстық жауаптылық пен жазадан толық босатылса, 10 мыңнан астам адамның жаза өтеу мерзімі қысқартылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату шарасы қылмыстық теріс қылықтар мен зақым келтірмеген, мінез-құлқында теріс сипаттамасы жоқ және жаза мерзімінің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалған жеңіл немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады.


