Қазақстанда 2 мыңнан астам адам әкімшілік айыппұлдан босатылады

Сенат Конституция күніне орай жарияланған әкімшілік рақымшылық туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Құжат күшіне енсе, шамамен 2 370 адам мен жеке кәсіпкердің 298,4 млн теңге көлеміндегі айыппұлы кешіріледі.

Рақымшылық: 448 жеке тұлғаға (72,7 млн теңге); 1 930 жеке кәсіпкерге (225,6 млн теңге) қатысты болады.

Заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

Салық заңнамасын бұзу, салық төлеуден жалтару және салық міндеттемелерін төмендету сияқты құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар мемлекет экономикасына елеулі зиян келтіреді.

Ұқсас ақпараттар