Еліміз Қарашығанақ кен орнында газ өндіру көлемін 9 мың тоннаға қысқартты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл Украинаның Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылына байланысты, деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Айтуынша, елімізде газбен жабдықтауда ешқандай мәселе жоқ, газ жеткізу толық көлемде жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін энергетика министрлігі Украина дрондарының Орынбордағы өнеркәсіптік кәсіпорынға жасаған шабуылы Қазақстанға газ жеткізуге әсер етпегенін хабарлаған еді.

