ChatGPT пен AliExpress Қазақстан бюджетіне қосымша салық төледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, төлемдер камералдық бақылау нәтижесінде өндірілген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ChatGPT 1,8 млрд теңге, ал AliExpress 600 млн теңгеден астам салық аударған. Комитет 77 шетелдік интернет-платформаға салық міндеттемелеріндегі сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жолдаған.
Мамандардың айтуынша, кейбір компаниялар Қазақстан заңнамасының талаптарын білмеген немесе төлемдердің Қазақстан аумағынан түскенін есепке алмаған.
Қазақстанда 2022 жылдан бері шетелдік интернет-компаниялар үшін «Google салығы» қолданылады. Осы уақыт ішінде бюджетке 171 млрд теңге түскен. Ал 2026 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 40 млрд теңгеден асты.


