Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум жариялайтын Travel & Tourism Development Index рейтингінде 2019 жылы 80-орында болса, 2021 жылы 66-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 52-орынға тұрақтады. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 28 сатыға көтерілген.
Туристер ең көп барған өңірлер қатарында Алматы, Астана және Ақмола облысы көш бастап тұр.
Биыл елдегі демалыс орындары шамамен 2 миллион туристке қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Сарапшылардың пікірінше, бұл өсім Қазақстанда туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.


