Астанадағы Ұлттық музейге «ұлттық» мәртебе берілді. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда 20 көрме залы, реставрация шеберханалары, зертханалар, қор сақтау орындары, ғылыми кітапхана, сондай-ақ көрме және білім беру жобаларын жүзеге асыруға арналған кеңістік бар.
Жыл сайын Ұлттық музейге 600 мыңнан астам адам барады. Мұнда ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, экскурсия жүргізушілері мен қор сақтаушыларды қоса алғанда, 400-ден астам маман еңбек етеді.


