Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кездесу барысында тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, порттық инфрақұрылымды кеңейту, екіжақты сауда көлемін арттыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптар көлік дәлізінің әлеуетін тиімді пайдалану үшін инвестиция тарту жұмыстарын жеделдетуге және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды күшейтуге уағдаласты.
Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Иран көлік-логистикалық байланыстарды дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.


