Қазақстан экономикасы 5 айда 3,7 пайызға өскені белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен экономиканың өсімін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңесте айтылды.
Ең үлкен өсім машина жасау саласында — 22,2 пайыз. 5 айда 81 мыңнан астам автокөлік құрастырылған. Өңдеу, химия, ауыл шаруашылығы салаларында да қарқыны жоғары.
Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдары бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.


