Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауына қатысты Энергетика министрі жауап берді

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта жанармай бағасы бірден күрт өсіп кеткен жоқ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Нақты деректер бойынша, бензин литріне орта есеппен шамамен 3–4 теңгеге ғана қымбаттаған. Ал әлеуметтік желіде тараған «10 теңгеге бірден қымбаттады» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Сонымен қатар ведомство басшысы кейбір болжамдардағы «жанармай бағасы бірден 100 теңгеге қымбаттайды» деген пікірмен де келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда мұндай күрт өсімге негіз жоқ.

Министрдің түсіндіруінше, әлемдік мұнай бағасы да негізгі факторлардың бірі болып отыр. Қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы баррельіне шамамен 93,5 доллар деңгейінде сақталып тұр. Осы себепті ішкі нарықтағы баға да тұрақты бақылауда.

Министрлік өкілдері жанармай нарығындағы жағдайды күнделікті бақылап отырғанын және бағаның күрт ауытқуына жол бермеуге тырысатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар