Шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеуді жеңілдейді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов туристер үшін қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Соның бірі — QazETA мобильді қосымшасы. Сол арқылы шетелдіктер ЖСН ала алады. Қосымша әзірлену үстінде.
«Оның көмегімен шетелдіктер ЖСН рәсімдеуден бастап көші-қон қызметтерін көбірек ала алады. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер Парламентте қаралуда, Сенатта», – деді министр.
Естеріңізде болса, 9 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беруді уақытша тоқтатқанын хабарлаған еді.

