Еліміздегі ұлттық парктерге келген туристер саны 3,7 млн-ға жетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына ел азаматтары мен шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын айтты.
Оның мәліметінше, 2024 жылы ұлттық парктерге 2,8 млн адам барған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жетті.
Айта кетейік, ұлттық парктер аумағында 179 туристік маршрут пен 42 экологиялық соқпақ жұмыс істейді.


