Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 611 мыңнан астам көрермен барған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Осы кезеңде 197 жаңа спектакль сахналанды. Оның 146-сы отандық авторлардың шығармалары негізінде қойылса, 47-сі шетелдік драматургтердің туындары бойынша ұсынылды.
Бұл театр өнеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді. Оның 59-ы – мемлекеттік театр. Олардың қатарында 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар.


