Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, кітапханаларға келушілер саны 57 миллионға жеткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
«Пайдаланушылар қатары 5,3 миллионнан 5,5 миллион адамға дейін көбейді. Ал оқырмандарға берілген кітап көлемі 85,7 миллионнан 88,9 миллион данаға ұлғайды. Кітапханаларды әсіресе 17 мен 25 жас аралығындағы жастар белсенді пайдаланады. Көркем әдебиетке, қазақ классикасына, тарих, этнография, психология, жаңа технологиялар және ғылыми-көпшілік бағыттағы басылымдарға сұраныс жоғары. Соңғы бір жылдың өзінде балалар әдебиетіне қызығушылық 75 пайызға өсті. Ал қазақ классикасы мен қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетіне деген сұраныс 50 пайызға артты», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар елімізде кітапханалар салу және оларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында жаңа Президент кітапханаларын салу жоспарланған.


