Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары:
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — қазіргі әлем чемпионы;
Чжу Цзиньэр (Қытай) — әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;
Хампи Конеру (Үндістан) — әлем шахматының белді өкілі;
Анна Музычук (Украина) — «Norway Chess Women» турнирінің былтырғы жеңімпазы;
Дивья Дешмукх (Үндістан) — әлем кубогының иегері.
Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.


