Алматы мен Гонконг арасында тікелей рейс ашылады

Алматы мен Гонконг арасында тікелей рейс ашылатын болды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы аталған бағыт бойынша тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Әуе компаниясының жоспарына сәйкес, рейстер Airbus A330-300 кең фюзеляжды ұшақтарымен аптасына үш рет орындалады. Бұл бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы алғашқы әрі жалғыз тікелей әуе қатынасы болады.

Cathay Pacific – Гонконгтың ұлттық әуе тасымалдаушысы. Компания әлемнің 200-ден астам бағыты бойынша жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады.

Ұқсас ақпараттар