Көкшетауда 211 млн теңгелік қаржы жымқыру факті тіркелді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі мен «Айдана-ИК» компаниясы арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомағакелісімшарт жасалған. Мердігер сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынып, 211 млн теңге аванстық төлем алған.
Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған, нысандар пайдалануға берілмеген.
Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

