1 маусым күні жаңартылған Балқаш әуежайы Астана мен Алматыдан келген алғашқы рейстерді қабылдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Екі жарым жылға созылған жаңғырту жұмыстары барысында әуежайдың әуеайлақ инфрақұрылымы толық жөнделді.
Рульдеу жолы мен перрон жаңартылып, арнайы автокөлік қызметінің жаңа ғимараты салынды.
Қазіргі уақытта Балқаш бағыты бойынша екі әуе компаниясы қызмет көрсетеді:
Астанадан – күн сайын Qazaq Air әуе компаниясының рейстері;
Алматыдан – аптасына алты рет SCAT әуе компаниясының рейстері.
Билеттердің бағасы мемлекеттік субсидиялардың арқасында тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр.

