Алматыға иорданиялық танымал тревел-блогер Джо Хаттаб және америкалық контент-мейкер Джошуа Платильеро арнайы сапармен келді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Олар қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахыммен бірге туристік нысандарды аралап жүр.
Қонақтар Шымбұлақ, тау бөктерлері мен Алматының көрікті орындарын аралап, табиғаты мен мәдениеті туралы бейнероликтер түсіруде.
Джо Хаттабтың YouTube арнасын 20 миллионнан астам адам қарайды. Ал Джошуа Платильеро TikTok пен Instagram желілерінде әлемнің ең қызықты орындары туралы контентімен танымал.


