Шайдоров жалақысын алатын болды

Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мәселесін шетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Вице-министр Серік Жарасбаевнің сөзінше, келісімшарт спортшының командасына жолданып, барлық тармақтар екі тараптың қатысуымен жан-жақты талқыланған. Құжатқа қол қойылып, қаржы толық көлемде төленетін болды.

Министрлік Шайдоровтың халықаралық жарыстардағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Шайдоров 5 маусым күні жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастау үшін АҚШ-қа жол тартады. Алдағы уақытта ол және оның командасы Туризм және спорт министрлігімен кездесіп, келесі Олимпиада ойындарына дайындық жоспарын талқылайды.

Ұқсас ақпараттар