Бірқатар ақпарат көздерінің мәліметінше, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Тараған ақпаратқа сәйкес, істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық іс материалдарында шамамен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат туралы сөз қозғалған.
Сондай-ақ іс бойынша тағы бір күдіктінің бар екені айтылуда. Дереккөздердің хабарлауынша, ұсталғаннан кейін Мейіржан Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдіргенімен, кейін бұл шешімінен бас тартқан.
Әзірге ҰҚК департаменті мен Атырау облыстық прокуратурасы аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, әзірге бұл мәліметтер құқық қорғау органдары тарапынан ресми түрде расталған жоқ.


