Еуропадағы ең беделді клубтық турнирдің шешуші матчы Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш Аренада» өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Кездесуді 61 035 жанкүйер тамашалады.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Лондондық клуб сапынан Кай Хаверц 6-минутта есеп ашса, париждіктердің қатарынан Усман Дембеле 65-минутта пенальтиден гол соқты.

Қосымша уақыттың екі таймында да командалар гол соға алмады. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында «ПСЖ» 4:3 есебімен басым түсті.

Осылайша, француздық клуб қатарынан екінші маусымда Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Ал «Арсенал» тарихында бұл турнирді әлі бірде-бір рет ұтқан жоқ. Лондондық команда финалда екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр.