Қазақстан 2026 жылғы жазғы туристік маусымға дайындалып жатыр

Туризм және спорт министрлігі туристердің қауіпсіздігін күшейту, инфрақұрылымды дамыту және қызмет сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Жазғы маусым қарсаңында Алакөл, Балқаш, Бурабай, Каспий жағалауы мен Шығыс Қазақстан секілді сегіз негізгі туристік аймақта тексеру жүргізілді. Өңірлерде құтқару бекеттері, жағажайлар, санитарлық нысандар мен визит-орталықтар салынып, бейнебақылау жүйелері кеңейтіліп жатыр.

Сондай-ақ Балқаш әуежайын жаңғырту, Бурабай инфрақұрылымын дамыту, Қонаевтағы жағажайларды абаттандыру және Алакөлге қатынайтын әуе мен теміржол рейстерін көбейту жұмыстары жалғасуда. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да туристік кластерлерді дамыту мен жолдарды жөндеу қолға алынған.

Министрлік биыл оқиғалық туризмге де басымдық беріп, республикалық күнтізбеге мәдени, спорттық және гастрономиялық бағыттағы 55 ірі іс-шараны енгізді.

Ұқсас ақпараттар