Зейнетақы жинағын алу қиындай ма? Шекті мөлшер 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шегі айтарлықтай көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жаңа өзгерістер 2026 жылдың өзінде енгізілуі ықтимал.

Алдын ала есеп бойынша, кей жас санаттары үшін шек 79%-ға дейін артуы мүмкін. Яғни, азаматтардың баспана алуға немесе ипотека жабуға пайдалана алатын қаражаты азаюы ықтимал.

Министрлік бұл өзгерісті болашақта қазақстандықтардың лайықты зейнетақы алуын қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндірді. Соңғы бес жылда халық БЖЗҚ-дан 5,7 трлн теңге шешіп алған, оның басым бөлігі несиелерді жабуға жұмсалған.

Қазір нақты есептеулер әзірленіп жатыр. Қанша пайызға өсетіні мен жаңа шектің нақты мөлшері жақын уақытта жарияланады.

Ұқсас ақпараттар