Сыртқы істер министрлігі шетел азаматтарының Қазақстан шекарасынан өту кезінде жағымсыз жағдайларға тап болуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай оқиғалар елдің халықаралық беделіне кері әсер етуі мүмкін.
Министрлік шекарадағы қызметтердің жұмысын жетілдіру қажет екенін айтып, азаматтарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға туристер мен шетелдіктерге қатысты қызмет сапасын күшейту тапсырылған.
СІМ өкілдері Қазақстанның ашық әрі қонақжай мемлекет ретіндегі имиджін сақтау басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.

