Қазақстаннан Нью-Йорк пен Токиоға тікелей ұшу қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан тұрғындары көптен күткен Токио мен Нью-Йорк бағытындағы тікелей әуе рейстері алдағы екі жылда іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Министрдің айтуынша, Жапонияға тікелей рейстер 2026 жылдың төртінші тоқсанында ашылса, АҚШ-қа қатынайтын әуе бағыты 2027 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселенің бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқанын еске салып, нақты нәтиженің жоқтығын сынға алды. Осыдан кейін Көлік министрлігі халықаралық рейстердің нақты мерзімдерін жария етуге мәжбүр болды.

Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, қазіргі таңда Астанадан шетелге 34 халықаралық рейс орындалып жатыр. Жыл соңына дейін тағы бес жаңа бағыт ашу көзделген.

Ал «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас атқарушы директоры Майкл Дэниел АҚШ-қа тікелей ұшуды бастау үшін халықаралық талаптарға сәйкестік жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Оның мәліметінше, Қазақстан FAA-дың ең жоғары қауіпсіздік деңгейі саналатын CAT 1 мәртебесін алуға дайындық жүргізуде.

Ұқсас ақпараттар