Мамыр айының ортасы қазақстандық спортшылар үшін халықаралық додаларға толы болады. Осы аптада отандастарымыз әлемдік біріншіліктер мен Азия кубоктерінде бақ сынап, ел намысын қорғайды деп хабарлайды sayasatlive.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс кестесінде ұлттық спорт түрлерінен бастап, олимпиадалық бағдарламаларға дейін қамтылған. Атап айтқанда, 13-15 мамыр аралығында Түркістан төрінде теңге ілуден II Әлем чемпионаты өтеді. Көшпенділердің төл өнері сыналатын додаға 10 елден 50-ден астам шабандоз жиналады. Сонымен қатар, Қарағанды қаласында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі жалауын желбіретеді. Бұл турнирде еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам балуан боз кілемде белдеспек.
Шетелдік ареналардағы бәсекелер де назардан тыс қалмақ емес:
-
Қытай: Сяси қаласында ескек есу слаломынан Азия чемпионаты, ал Шанхайда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы «Гран-при» турнирі өтеді.
-
Қырғызстан: Бішкекте ат спортынан Әлем кубогінің кезеңі өтсе, Шолпан-Атада желкенді спорттан орталық азиялық чемпионат басталады.
-
Өзбекстан: Ташкентте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер (U18) арасындағы халықаралық турнирде 12 отандасымыз сынға түседі.
-
Польша: Бельско-Бяла қаласында дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнирде 5 спортшымыз татамиге шығады.
Еске салайық, желкенді спорт пен дзюдодан өтетін бәсекелер мамыр айының соңына дейін жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болады. Қазақстан құрамалары қазіргі уақытта жауапты кезеңдерге тас-түйін дайын отыр.

