Балаларға қай жастан бастап жарысқа қатысуға болады?

Қазақстанда спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас шегі бекітілді деп хабарлайды sayasatlive.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік бұл қадамды балалардың денсаулығын қорғау және жарақат алудың алдын алу үшін жасап отырғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда елімізде 5 миллионнан астам жеткіншек спортпен шұғылданады. Жарыс кезіндегі ауыр физикалық жүктемелер мен эмоциялық қысымды ескере отырып, жас мөлшері халықаралық стандарттарға сай нақтыланды. Шектеулер Денсаулық сақтау министрлігімен және спорт федерацияларымен келісілген.

Айта кетерлігі, бұл ережелер тек ресми жарыстарға қатысуға ғана қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелер мен секцияларға қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды. Спорт резервін даярлайтын мекемелер өз жұмысын бұрынғы режимде жалғастыра береді.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, әр спорт түрі бойынша нақты жас мөлшері бекітілген арнайы кесте әзірленген.

Ұқсас ақпараттар