Қарағандыда Серік Сәпиевтің орнын басатын жаңа басшы белгілі болды

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының тізгінін Нұркен Нұратов ұстайтын болды, деп хабарлайды sayasatlive.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік жанындағы арнайы комиссия өңірлік спорт басқармасының басшылығына ұсынылған кандидатураны мақұлдады. Осыған дейін Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығын басқарған Нұркен Нұратов енді Қарағандының спорт саласына жауапты болады. Комиссия мүшелері үміткердің тәжірибесі мен алдағы жоспарларын ескере отырып, оң шешім шығарған.

Айта кетейік, қолданыстағы ережеге сай, үміткерді жергілікті әкімдік ұсынғанымен, министрліктің келісімінсіз тағайындау мүмкін емес. Нұратов бұл сүзгіден сәтті өтті.

Еске салайық, осыған дейін бұл қызметті атқарған Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев биыл 3 ақпанда жұмыстан кеткен болатын. Бұған оның орынбасары Дәурен Есімхановпен арадағы жанжал себеп болды деген ақпарат тараған еді. Даудан соң қос шенеунік те креслосын босатты. Кейіннен Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ұқсас ақпараттар