Қазақстандық спортшылардың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында қатысатын додалары белгілі болды, деп хабарлайды sayasatlive.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Алдағы аптада отандық атлеттер әлемнің бірнеше елінде бақ сынайды. Атап айтқанда, 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Самоаның Апиа қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтеді, оған елімізден 5 спортшы қатысады. Ал 28 сәуірде Лондон төрінде үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталады. Бұл сында Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды.
Сондай-ақ апта соңына қарай бірнеше Әлем кубогі мен халықаралық турнирлер жоспарланған:
-
30 сәуір – 3 мамыр: Көркем жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі (Сиань, Қытай) – 15 спортшы;
-
30 сәуір – 3 мамыр: Конкурдан Әлем кубогі кезеңі (Ташкент, Өзбекстан) – 7 спортшы;
-
30 сәуір – 3 мамыр: Семсерлесуден (рапира) Әлем кубогі (Ыстамбұл, Түркия) – 3 спортшы;
-
1-3 мамыр: Дзюдодан Grand Slam турнирі (Душанбе, Тәжікстан) – 11 спортшы;
-
1-3 мамыр: Семсерлесуден (сапы) «Гран-при» турнирі (Инчхон, Оңтүстік Корея) – 4 спортшы.
Жарыс кестесіне сәйкес, осы аптада қазақстандық спортшылар жалпы саны жеті халықаралық додада ел намысын қорғайды.


