Қазақстанда шай бағасы қымбаттады

Қазақстанда қара шайдың орташа бағасы келісіне 5 846 теңгеге жетті, деп хабарлайды sayasatlive.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың наурыз айымен салыстырғанда өнім бағасы 6,9 пайызға өскен. Қазіргі таңда қазақстандықтар 250 граммдық шай қорабын орта есеппен 1 462 теңгеден сатып алуда.

Еліміз бойынша ең арзан шай Семей қаласында (келісіне 5 300 теңге) тіркелсе, ең жоғары баға Шымкентте байқалды – мұнда тұтынушылар бір келі шай үшін 6 747 теңге төлейді. Сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Қызылорда қалалары да қымбат өңірлер қатарында.

Елімізге келетін шайдың негізгі бөлігі сырттан импортталады. Жеткізушілер арасында Кения көш бастап тұр – жалпы импорттың 40 пайызы осы елдің үлесінде. Одан бөлек, негізгі көлемдер Үндістан мен Қытайдан жеткізіледі.

Статистика бойынша, әрбір қазақстандық айына орта есеппен 100 грамм шай тұтынады.

Ұқсас ақпараттар