Қазақстанның еңбек нарығында Түркістан мен Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Наурыз айының қорытындысы бойынша, бос жұмыс орындарының ең көп саны дәл осы өңірлерде тіркелген деп хабарлайды sayasatlive.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сүйенсек, өңірлер бойынша бос орындар саны келесідей:
Түркістан облысы – 7,7 мың бос орын;
Қарағанды облысы – 7,6 мың бос орын;
Астана қаласы мен Павлодар облысы – 7,2 мың бос орын;
Атырау облысы – 6,5 мың бос орын.
Салалық тұрғыдан алсақ, ел бойынша ең көп кадр тапшылығы білім беру саласында (22,6 мың орын) байқалады. Сондай-ақ қызмет көрсету, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында да қол бос емес.
Қазір жұмыс берушілер көбіне орта білікті мамандарды іздейді (сұраныстың 40%-ы). Ал жұмыс іздеушілердің 42%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл ретте әйелдер қауымы (54%) ерлерге қарағанда белсендірек жұмыс іздеп жатқаны байқалады.
































