Сәуір айында елімізде бірқатар ауқымды туристік іс-шаралар жоспарланған. Бұл айда Қазақстан отандық және шетелдік туристерді кітап, қолөнер және технология әлемін біріктіретін жарқын оқиғалармен қарсы алады деп хабарлайды sayasatlive.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Астана: халықаралық кітап көрмесі
22–26 сәуір күндері Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, авторлармен кездесулер және білім беру сессиялары ұйымдастырылады.
Жамбыл облысы: этномәдени фестиваль
23–24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен таныса алады.
Қостанай облысы: отбасылық техно-фестиваль
26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі өткізіледі. Бағдарламаға инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар енген.
Еске сала кетейік, биыл ел бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған.
































