Елордада 6-12 сәуір күндері әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лиганың плей-офф матчтары жалауын желбіретеді. Отандық волейбол тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңі еліміздегі ең ірі спорт нысандарының бірі – «Барыс Аренада» ұйымдастырылмақ деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Биылғы бас бәйгеге елдің ең үздік төрт клубы қатысады: Талдықорғанның «Жетісуы», Петропавлдың «Қуанышы», Өскеменнің «Берелі» және Түркістанның «Тұран» командасы. Жартылай финалда «Жетісу» мен «Тұран», ал «Қуаныш» пен «Берель» өзара мықтыны анықтайды. Ереже бойынша, сериялық ойындар екі жеңіске дейін жалғасады.
































