Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Аталған лауазым қазан айынан бері бос тұрған. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімдігіне ауысты.
Ал Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін жуырда аяқтаған. Ол қызметтен өз еркімен кеткенін айтып еді.