10.12.2025

Қазақстанда секс-бизнеске қатысы бар екі ірі қылмыстық топ ұсталды

Астана мен СҚО-да жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ірі қылмыстық топтардың жолы кесілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтар жыл басынан бері 1,7 миллиард теңгеден астам пайда тапқа.

ҚР ІІМ мен Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілер қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге итермелеп, күн сайын 1,5 миллион теңгеге дейін табыс тауып отырған.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары ірі көлемде ақша қаражатын, банк карталарын, автокөліктер мен техника, сондай-ақ цифрлық тасымалдағыштарды тәркіледі.

Барлық қатысушылар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар