10.12.2025

Қостанайда мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болды

26 шілдеге қараған түні Қостанайда TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы жүргізуші жол апатын жасап, жасырынбақ болды.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жағдайды GTA ойынымен салыстырған. Жүргізуші оқиға орнынан қашпақ болғанымен, көп ұзамай ұсталды.

Жүргізушіге ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, өзі айықтырғышқа жеткізілді. Қазір іс сот қарауына жолданған.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар