10.12.2025

Қазақстандық оқушылар Халықаралық биология олимпиадасынан төрт қола медаль жеңіп алды

Филиппинде өткен биология пәні бойынша мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік дода – International Biology Olympiad (IBO-2025) жарысында Қазақстан құрамасы толық құраммен жүлде алып, 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

Жүлдегерлер:

– Ерсултан Қайыркен — Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы
– Батыр Ержанұлы — Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы
– Айғаным Балташева — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
– Алихан Ашырханов — Алматы қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы

Команданың ғылыми жетекшілері — жас биолог-ғалымдар Лейла Асқарова мен Ильяс Сакимов.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық турда молекулалық және жасушалық биология, генетика, экология, эволюция және биожүйелеу бойынша есептер шешілді. Практикалық турда зертханалық жұмыстар, микроскопия, үлгілермен жұмыс істеу және биологиялық процестерді талдау жүргізілді.

Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 18 күміс және 56 қола медаль, сондай-ақ 12 құрмет грамотасын жеңіп алған. 2024 жылы олимпиаданы Қазақстан өзі қабылдап, тағы да 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізген болатын.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар