Өскемен қаласында учаскелік полицейлер Ерлік Мұқашев пен Еламан Тохтарханов түтінге толы пәтерден қарт әйелді құтқарып қалды.
Көршілер көмек сұраған дауысты естіп, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер алдымен балкон арқылы кіруге тырысқанымен, көрші пәтер тұрғындары үйде болмаған. Уақытты жоғалтпау үшін тәртіп сақшылары кіреберіс есікті бұзып ашқан.
Олар ішке кіріп, иіс газына тұншығып жатқан әйелді қауіпсіз жерге алып шыққан. Жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек те өздері көрсеткен. Полицияның батыл әрі жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.